Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау. — «Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Мәдениет негізгі мектебі» КММ

Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау.
“Мәдениет негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 -сынып оқушылары «Судағы қауіпсіздік ережесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Судағы қауіпсіздіктің мақсаты — адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, суда болатын қайғылы жағдайлардың алдын алу және суда дұрыс әрі тәртіппен демалуды үйрету.
Судағы қауіпсіздік — бұл суда шомылғанда, жүзгенде немесе су маңында жүргенде өз өміріңді және айналадағы адамдарды қорғау үшін сақталатын ережелер мен әрекеттер. Ол үшін суға тек рұқсат етілген жерлерде шомылу, жүзе білмеген жағдайда терең суға түспеу, үлкендердің рұқсатынсыз суға бармау, бір-біріне көмектесу сияқты тәртіптерді сақтау қажет екені ескертілді.
Әрбір оқушы суда өзін дұрыс ұстау ережелерін меңгеріп, өзінің және өзгенің өміріне жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Сақтық — өмір кепілі!
Достармен бөлісу
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «Мәдениет негізгі мектебі» КММ